Алматыда дәрігерлер жүрек ісігімен ауырған әйелдің өмірін сақтап қалды

Hush Naidoo Jade Photography/unsplash.com/
Hush Naidoo Jade Photography/unsplash.com/

Ісік толық алынып, жүрекішілік қанайналым қалпына келтірілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында ерекше операция жасалды: кардиохирургтар жас әйелдің өміріне қауіп төндірген миксоманы сирек кездесетін қатерсіз ісікті  сәтті алып тастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Пациент орталыққа ентігу мен ауа жетіспеушілігіне шағымданып түсті. Эхокардиография нәтижесінде сол жақ жүрекшеде көлемі 6×4 см болатын миксома анықталған - мұндай ісікті дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, шұғыл операция жасау қажет болды.

Хирургиялық араласу сәтті өтті. Ісік толық алынып, жүрекішілік қанайналым қалпына келтірілді. Келесі күні пациент ешқандай симптомдарсыз жүре бастады, ал көп ұзамай үйіне шығарылды.

«Мұндай жағдайлар дер кезіндегі диагностика мен білікті медициналық көмектің қаншалықты маңызды екенін ескертеді. Жас әйел толыққанды өмір сүру үшін екінші мүмкіндікке ие болды — бұл біз үшін зор марапат», — деп атап өтті орталық дәрігерлері.

Оқи отырыңыз: Иорданияға тікелей рейс ашылады

Новости партнеров