Алматыда Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығының таныстырылымы өтті

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов Армия үйі базасында Defense Tech IT Park қорғаныс технологиялары орталығын ашты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Бұл инновациялық алаң Қарулы күштер мен ұлттық қауіпсіздік жүйесі мүддесі үшін отандық технологиялық шешімдерді әзірлеу мен енгізу мақсатында құрылған.

Defense Tech IT Park – бұл Қорғаныс министрлігінің 2022 жылдан бастап жүзеге асырып келе жатқан Defense Tech бастамасының даму кезеңдерінің бірі. Ол әскер мен қауіпсіздік жүйесінің қажеттілігі үшін ұлттық инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған. Жобаны әзірлеушілер жаңа алаңның мүмкіндіктерін көрсетіп, отандық IT-компаниялар мен стартап-командалардың цифрлық технологиялар, бейнебақылау жүйелері, деректерді талдау, телекоммуникациялар және жасанды спутниктік шешімдер саласындағы инновациялық жобаларды таныстырды.

Қорғаныс министрі авиация генералы-лейтенанты Дәурен Қосанов орталықтың құрылуы еліміздің технологиялық әлеуетін нығайтуға және заманауи әзірлемелерді әскерге жылдам енгізуге бағытталғанын атап өтті.

– Бүгінгі таңда мемлекеттің қорғаныс қабілеті тікелей технологиялық дамуға байланысты. Біздің басты міндетіміз – өз идеяларымызды әскерге практикалық тұрғыда енгізу жолын қысқарту, – деді қорғаныс ведомствосының басшысы.

Новости партнеров