Алматыда екі адам тоққа түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр

Полиция аталған оқиға бойынша тексерісті бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда екі адам тоққа түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, денесінің көп бөлігі күйіп қалған екі азамат сағат 13:05-те ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер науқастарға ІІ–ІІІ дәрежелі күйік диагнозын қойды. Қазір оларға барлық қажетті ем-дом жасалып жатыр. Полиция аталған оқиға бойынша тексерісті бастады.

«Алмалы аудандық Полиция басқармасы, жеке қызмет көрсету мекемесінің екі қызметкеріне тұрғын үй кешенінің аумағында электр тоғының соғу дерегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады», – деді Алматы қаласы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оқи отырыңыз: Ауруханада жатыр: СҚО-да кене шаққан 5 адам қауіпті ауру жұқтырған

Новости партнеров