Алматыда электромобильдерге арналған зарядтау станциялары орнатылады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Almaty Finance» ЖШС 163 млн.теңге  қарыз береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда электромобильдерге арналған зарядтау станцияларын орнату қаржыландылатын болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС электромобильдерге арналған жоғары жылдамдықты зарядтау станцияларын сатып алуға «EV Solutions» ЖШС-ға 163 млн.теңге қаржы бөлді. 

«Almaty Business – 2025» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы және жасыл экономиканы дамыту стратегиясы шеңберінде алынған қаражатқа қарыз алушы 28 жаңа зарядтау станциясын сатып алып Алматыда орнатады.

Жобаны қаржыландыру компанияға станциялардың жеке желісін екі есеге жуық ұлғайтуға, ал қалаға электр көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% – 5, мерзімі-5 жылды құрайды.

«2023 жылы Алматыда автокөлік құралдарының зиянды заттар шығарындыларының көлемі 112 мың тоннадан асты, бұл шығарындылардың жалпы көлемінің 60%-ын құрады. Электромобильдерге күтім жасауға үшін қолайлы жағдай жасау көлікті электрлендіру жолындағы маңызды қадам болып табылады, нәтижесінде қала экологиясы жақсарады», - деп атап өтті «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.
 

Анықтама ретінде:
«Almaty Finance» ЖШС - «Алматы» ӘКК» АҚ еншілес компаниясы болып табылатын 2019 жылы құрылған кредиттік ұйым. «Almaty Finance» ЖШС Алматыдағы ШОБ субъектілеріне жеңілдікті қаржыландыруды ұсынады. Қарыздың ең жоғары сомасы - 500 млн теңге. Мерзімі - 7 жылға дейін. «Almaty Finance» несие беруді «Almaty Business – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Новости партнеров