Білім ошағында бастауыш сынып оқушылары қазақ және орыс тілдерінде оқиды
Алматыда зияткерлік дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған №7 арнайы мектеп-интернаттың жаңа филиалы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Білім ошағында бастауыш сынып оқушылары қазақ және орыс тілдерінде оқиды. Мұнда шәкірттердің сапалы білім алуымен қатар, қабілетін шыңдап, әлеуметтік ортаға бейімделуіне де ерекше мән берілген. Осы мақсатта психолог пен логопед кабинеттері, бейімделген дене шынықтыру залдары заманауи құрал-жабдықтармен жасақталған. Сондай-ақ, балалар күніне төрт мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Ал аталған қызметтің барлығы тегін көрсетіледі.
«№7 арнайы мектеп-интернаттың филиалы №15 мектеп-интернаттың базасында ашылып отыр. Мұнда зияткерлік дамуында ерекшеліктері бар балалар білім алады. Сонымен қатар үй жағдайында оқитын балалардың да келіп, арнайы мамандардың көмегіне жүгінуіне мүмкіндік жасалған. Олар үшін жеке кабинеттер қарастырылған», – деді №7 арнайы мектеп-интернатының директоры Күмісхан Тоқсанбаева.
Оқи отырыңыз: Алан Құрманғалиев күміс жүлдегер атанды