Алматыда эссе жазу байқауы өтті

07.11.2024 16:36

Балалар берілген тапсырманы қазақ, орыс және ағылшын тілінде орындады

Алматыда мектеп оқушыларының оқу және жазу сауаттылығын арттыру мақсатында эссе жазу байқауы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Балалар берілген тапсырманы қазақ, орыс және ағылшын тілінде орындады. Жарысқа еліміздің 10 өңірінен 1 мен 11-сыныпта оқитын 500-ге жуық оқушы қатысып, әдебиет, мәдениет, әлеумет және фантастика жанрында қалам тербеді.

"Әдеби олимпиада бірінші рет өткізіліп жатыр. Бұл идея маған методологиялық кітаптар жазып жүргенімде келді. Мұғалімдерге арналған туындылар жазып жатқанымда "неге эссе байқауын өткізбеске?" деген ой туды. Оның үстіне, мұндай олимпиадалар аз, ал рухани құндылықтарды қажет етеміз. Сондықтан байқауды өткізуді жөн көрдім", – деді байқау ұйымдастырушысы Сая Ысқақова.

"Эссені екі күнде жаздым. Алдымен қазақ тілінде пікрімді жазып алдым, сосын барып ағылшын тіліне аудардым. Аудармаға ағылшын тілі апайым көмектесті. Себебі кейбір әдеби сөздерді білмедім", – деді байқауға қатысушы Меруерт Шәріп.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында спорт мектебінің директоры мен бас есепшісі сотталды