Іс-шараға қатысушылар аталған түйткілдерге қатысты ойын білдірді
«Сөз құндылығы – сананың тазалығы. Алайда сөз бостандығы қолымызға тиген заманда сөзқұмарлар көбейіп барады». Алматыда «Қоғамдық оптимизмді нығайту факторы ретіндегі мәдениетаралық коммуникация» тақырыбында сараптамалық кездесу өттті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жиында этносаралық байланысты жетілдіру, ақпараттық кеңістіктегі жауапты мінез-құлық, медиасауаттылық және өзара құрмет пен ұрпақтар сабақтастығы сынды мәселелер де талқыланды. Іс-шараға қатысушылар аталған түйткілдерге қатысты ойын білдіріп, қоғамдық диалогты қиындататын жағдайлардың алдын алу үшін ұсыныстарын білдірді.
«Әлеуметтік желілерде адам ойланбай бір нәрсе айтса, жеке мәселеден қоғамдық дауға ұшырауы мүмкін. Сондықтан оның алдын алып жатырмыз. Әсіресе, ұлтаралық және тілдік бір тақырыптарға байланысты болса, адамдар көтеріледі. Сол үшін менің ойымша, бір адамның қателігін жалпы ұлтқа итеруге болмайды», – деді Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Алина Кан.
«Ең бастысы – тілдік араздықты тудырып алмау, одан кейін этностар белгілеріне қатысты бір ел болып, Қазақстанның біртұтас халқы болу үшін әрекеттер жүріп жатыр. Сауалнамалардың қорытындысы бойынша қандай шаралар атқарылуы керек, айтамыз. Алдағы уақытта сол жұмыстар бойынша заңнама базасын өзгерту немесе басқа да жұмыстардың алғышарттары көрінетін болады», – деді Қазақстан Халық кеңесі жанындағы республикалық Журналистер клубының төрағасы Алишер Сатвалдиев.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда жәрдемақы төлеу шарттары бекітілді