Алматыда Исраил Сапарбайды еске алу кеші өтті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Іс-шара ақынның мол әдеби мұрасын насихаттауға бағытталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Қазақстанның халық жазушысы, ақын, драматург әрі сазгер Исраил Сапарбайдың шығармашылығына арналған «Жыр айдынының алып кемесі» атты еске алу кеші өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс-шара ақынның мол әдеби мұрасын насихаттап, қазақ поэзиясы мен әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлғаның еңбегін кеңінен танытуға бағытталды.

Кеш барысында көпшілікке Исраил Сапарбайдың шығармалары топтастырылған көрме ұсынылып, ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы бейнеролик көрсетілді.

Жиын соңында қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындады.

Олардың қатарында «Мен қазақ қыздарына қайран қалам», «Махаббат мәңгі ертегі», «Сағыныш» секілді халық арасында кең таралған туындылар болды.

Оқи отырыңыз: Алматыда кәсіпкерлермен жаңа экологиялық талаптар талқыланды

 

 

Новости партнеров