Референдумға дейін:
8
күн
4
сағат
15
минут

Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін сөйлесу клубы ашылды

Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы
Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы

Клубтың негізгі мақсаты – бетпе-бет әңгімелесу форматында қазақ тілін үйрену және сөйлеу тәжірибесін дамыту  

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында қазақ тілін үйрету бойынша «QazaqTalk: қала диалогы» атты тегін сөйлесу клубы ашылды. Жоба қаланың Ішкі саясат басқармасы Қоғамдық даму орталығының «Almaty – Менің мақтанышым» әлеуметтік жобасы аясында іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Клубтың негізгі мақсаты – бетпе-бет әңгімелесу форматында қазақ тілін үйрену және сөйлеу тәжірибесін дамыту үшін қолжетімді әрі жайлы орта қалыптастыру. Қатысушылар ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, қаладағы өзекті бастамалар мен жобаларды талқылай алады, сондай-ақ бейресми атмосферада танысып, пікір алмасады.

Сабақтар «Батыл бол!» сөйлесу клубының бағдарламасы бойынша өтеді. Кездесу форматы диалогтық тәжірибені, қалалық өмір мен бастамаларға қатысты түрлі тақырыптарды талқылауды және қатысушыларға қазақ тілінде сенімдірек сөйлесуге көмектесетін еркін қарым-қатынасты қамтиды.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қожамқұлов көшесі, 77
Сейсенбі және бейсенбі күндері, 19:00–20:30

Қатысу — тегін.

Ұйымдастырушылар «QazaqTalk» клубына қатысып, қазақ тілінде достық әрі қолдаушы атмосферада сөйлесіп көргісі келетін әрбір тұрғынды шақырады.

Оқи отырыңыз: 6 наурызда Астана мен Алматыда доллар қанша теңгеден сатылып жатыр

Новости партнеров