Алматыда Қазтай Ұлтарақов тұрған үйге мемориалдық тақта қойылды

Салтанатты жиынға жиналған қауым қайраткердің ерлігі мен еңбегіне тағзым етіп, гүл шоғын қойды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қазтай Ұлтарақов тұрған үйдің қасбетіне мемориалдық тақта орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ол 17 жасында майданға өз еркімен аттанып, Калинин фронтында батальон басқарған, кейін Воронеж түбінде ауыр жараланып, елге оралған. Бейбіт күнде Алматы облысының дамуына өлшеусіз үлес қосып, басқарушылық қызметін абыроймен атқарды. Экономика ғылымдарының кандидаты, бірнеше орден иегерінің есімі мемориалдық тақта арқылы ел жадында қайта жаңғырмақ. Салтанатты жиынға жиналған қауым қайраткердің ерлігі мен еңбегіне тағзым етіп, гүл шоғын қойды.

«Елге жасаған еңбегін мемлекет бағалап отыр. Балалары тақта іліп жатыр. Оның алдында ағаның атына атамекені, туған елі, ауылдың аты берілген. Артында қалған ұрпақтарына, ағайын-туғандарына, ел жұртына амандық тілейміз», – деді Қ. Ұлтарақовтың інісі Өмірғали Кенжебеков.

Оқи отырыңыз: Түркістанда көше ластағандарға айыппұл салынды