Қиын жағдайға тап болған 843 бала арнайы қолдау орталықтарына жіберілді
Алматыда кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 40 пайыз төмендеді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментіндегілер мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың айтуынша, «Заң және тәртіп» қағидатына сай мегаполисте 11 жалпықалалық жедел-профилактикалық іс-шара өткізілген. Соның нәтижесінде, 22 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 567 жасөспірім есепке алыныпты. Қиын жағдайға тап болған 843 бала арнайы қолдау орталықтарына жіберіліп, оларға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.
«Заң мен тәртіп қағидатының аясында, сондай-ақ биыл Ішкі істер министрлігі «профилактика» жылы деп белгіледі. Барлық құзырлы органдармен бірлесіп, балаларымыздың құқықбұзушылыққа жол бермеуін, алдын алуын, жалпы тәрбиелі, саналы, заңды құрметтейтін азаматтар тәрбиелеуге атсалысудамыз», – деді Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бөлімінің басшысы Жанна Шонжанова.
Оқи отырыңыз: ШҚО-да жарты келіге жуық есірткімен курьер қолға түсті