Жақында «Қазақстан Аруы 2025» ұлттық сұлулық байқауының финалы өтіп, жеңімпаздар ресми түрде жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Қазақстан Аруы 2025 атағын Алина Екатеринечева иеленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ару бас жүлдеге қол жеткізіп, «Ғалам Аруы 2026» халықаралық байқауында Қазақстанның ресми өкілі болады. Әлем Аруы Қазақстан 2025 атағы Шадияра Байкеноваға берілді. Ол «Әлем Аруы 2027» халықаралық байқауына Қазақстанның атынан қатысады. Ал, Miss Grand Qazaqstan 2025 атағын Анель Емель жеңіп алды. Ол «Miss Grand International 2026» сахнасында ел намысын қорғайды.
1997 жылдан бері жыл сайын өтіп келе жатқан байқаудың пиар менеджері – Құралай Құрманнан сұхбат берген еді. Құралай байқаудың мән-маңызы мен сіз білмеген құпияларды айтып берді:
- «Қазақстан Аруы 2025» байқауының сәтті аяқталуымен құттықтаймыз! Биылғы байқау қалай өтті? Жеңімпаздар өз титулына лайық, және байқау әділ өтті деп ойлайсың ба?
- «Өзін өзі мақтаған — Өлімнің қара басы» дейдіғой қазақ атамыз. Сол үшін, өз жұмысымды өзім мақтағаным орынсыз болар. Дейтұрғанмен, финалға келген қонақтар байқаудың жоғары деңгейде өткенін айтып, алғыстарын білдіріп жатты. Жалпы, жыл сайын «Қазақстан Аруы» байқауы жаңа слоганмен, жаңа девизбен өтеді. Биылғы байқау «таңдау еркіндігі, әрбір қыз баласының таңдау құқығы бар» деген филсофиямен өтті. Ал, әр қатысушымыз осы сөздерді жарыс барысында дәріптей алды деп ойлаймын.
- Пиар менеджер ретінде сенің осы жобаға қосқан үлесің қандай болды?
- Осы жобада жүргеніме жеті айдай болды. Осы уақыт ішінде жеңімпаздар туралы БАҚ кеңістігінде барынша жариялап, серіктестермен келісіп промо-роликтер түсірдім. Пиар менеджер ретінде ең басты міндет – жаман пікірлермен күресуғой. Қыздардың арасында әлі күнге дейін осы жобаға қастысу ақша тұрады деп ойлайтындар да бар. Бізде барлығы әділ қтіледі. Ешқандай да ақылы қатысу деген ұғым жоқ. Міні, осындай және байқау туралы саналуан пікірлермен күресіп жатырмын.
- Осы көпшілік түсінбей жатадығой, өзің түсіндіріп берші «Қазақ Аруы» мен «Қазақстан Аруы» байқауларының айырмашылықтары қандай?
- Иә, шынымен осы екі байқауды барлығы ұқсастырып жатады. Бірақ, «Қазақстан Аруы» байқауының ең басты айырмашылығы – республикалық деңгейде өтіп, қыздарды алдағы уақытта өтілетін әлемдік байқауға жібереді. Нақтырақ айтқанда, осы «Қазақстан Аруы» жобасы - «Әлем Аруы», «Ғалам Аруы», «Miss Grand International» осы үш сұлулық байқауларына лицензиясы бар жалғыз жоба. Арулар тек өз елімізде ғана өздерін дәлелдеп қана қоймай, ары қарай әлемдік аренада көрсетуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, жеңімпаз қыздарға елімізді таныстыру үшін серіктестер тауып беріп, оларға көмегімізді көрсетеміз.
- Соңғы жылдары байқау жеңімпаздарын дауыс беру арқылы таңдау әдепке, хитке айналып барады. Сол дұрыс деп санайсың ба? Себебі, бұндай оқиғалар оқырманы көп қыздардың алға шығып, шынымен сұлу қыздардың көзден таса болып қалуына себепші. Сендерде қалай өтіледі?
- Менің ойымша, бәрібірде осындай байқауларда қазылар алқасы болуы керек сияқты. Себебі, халық дауыс берсе қатысушының әлеуметтік статусы немесе блогер болса оқырмандары басымдық танытып әділетсіздікке ұшырау болуы мүмкін. Бәлкім, бұндай байқаулардың мақсаты ашықтықты көрсету шығар. «Қазақстан Аруы» жобасында қазылар алқасымен шешілетін де, халық дауыс беру арқылы таңдалатын да номинациялар бар. Байқауға бір апта қалған кезде сайтта дауыс беру жүйесі ашылады. Халық көп дауыс берген қызға «Miss People’s choice» титулы беріледі. Ал, ең басты үш орын қазылар алқасы арқылы таңдалады.
- Өзің қазылар алқасы деп атап өттіңғой. Қазылар алқасының құрамын қалай таңдадыңдар және олардың негізгі критерийлері қандай болды?
- Биыл біз қазылар алқасын таңдаған кезде, қоғамның әртүрлі бағыттарында өздерін көрсетіп жүрген тұлғаларды таңдауға тырыстық. Атап өтсем олардың қатарында: Әйгерім Әбілқадырова – қазақстандық кәсіби спортшы, грэпплингтен әлем чемпионы, Сауле Рабаева – Шерхан Қалмұрзаның анасы, Арзубек Вонама – Қырғыз Республикасының дизайнері , Ляззат Лазарчук – еліміздің атақты дизайнері. Бұл нені білдіреді? Бұл – қазылар алқасы құрамының әділдігін көрсетеді. Қазылар алқасының ішінде біздің жобаға қастысы бар жалғыз ғана адам болды. Ол – біздің директор Айжан Рузаева.. Сондықтан, жеңімпаз қыздар әділ жолмен таңдалғанын атап өтуге болады.
- Қатысушылардың қай қасиеті ең маңызды деп ойлайсың?
- Әрине, бұл сұлулық байқауы болғаннан кейін, біз сұлулыққа ерекше назар аударамыз. Бірақ, сұлулық деген бір ғана затпен шектелмейді. Қатысушының орысша айтқанда «харизмазы», өзін өзі сахнада еркін, сенімді түрде ұстауына, шешендік өнерге де қатаң қараймыз. Жеңімпаздар қыздар әрі қарай 170 мемлекеттің алдында Қазақстанның абыройын қорғағандықтан, оның ағылшын тілін білуі де біз үшін маңызды.
- Қазір осы тілге байланысты елімізде түрлі резонанстар жүріп жатырғой. «Қазақстан Аруы» қазақ тілін білуі керек пе?
- 2025 жылғы қатысушылардың арасында ағылшын тілінен бөлек, испан, француз, түрік тілдерін білетін арулар да болды. Ал, менің ойымша, қазақ тілін білу, бұл басты талап болу керек. Өйткені, жеңімпаз Қазақстанның атын шығаруға бара жатырғой, мысалы осы жылғы жеңімпаз Алина Ридің аты орыс болғанымен, қаны қазақ. Қазақша да, ағылшынша да жақсы сөйлейді. Осындай критерийлерді біз жіберіп алмаумыз керек.
- Бұл шынымен біз үшін қуанышты жаңалық. Себебі, жұрт арасында «Қазақстан Аруы» жобасында тек әдемілік пен дене бітімі ғана басты рөл ойнайды деген ойлар бар. Тек қана, әдемілікке емес, білімге де көңіл бөлу.
- Иә біз негізі, қоғамда қалыптасқан сөздерді шынайы түрде жою мақсатында әр жыл сайын, байқаудың тақырыбын ұйымдастырамыз. Қатысушыларды қатаң түрде іріктейміз, олардың әрқайсысының беделіне мән береміз. Өйткені, ол арудың өткен өміріндегі тарихы байқаудың да имиджіне әсер етуі мүмкін.
- Келер жылғы «Қазақстан Аруы 2026» байқауында қандай жаңалықтар немесе өзгерістер болуы мүмкін?
- Сөздің шыны керек, әлі жиналыс болған жоқ, себебі өткен маусымды енді ғана аятадық. Бірақ, тек бір нәрсені айта аламын: келер жылғы байқау биылдан да жоғары деңгейде өтіледі.
- Сұхбат бергеніңе рахмет, саған шығармашылық табыстар тілейміз!