Алматыда кәсіпкердің үйін тонаған қарақшылар тобы ұсталды

30.09.2025 10:10

Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды

Криминалдық полиция қызметкерлері жеке кәсіпкердің үйіне жасалған қарақшылықты ашты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"12 қыркүйекте күдіктілер маска киіп, жеке үйге кірген. Шығын 500 миллион теңге. Жедел жұмыс нәтижесінде Алматы қаласы және Алматы облысының үш тұрғыны ұсталып, қамауға алынды", — деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.

ІІМ мәліметінше, тергеу барысында күдіктілердің биыл Алматы облысының аумағында және өткен жылы Алматы қаласында жасалған екі ұқсас ашылмаған қылмысқа қатысы бары анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 100 жастан асқан қанша қария бар