Конституциялық реформа – мемлекеттің саяси жүйесін жетілдіруге, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтуға және азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды қадам, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ата Заңға енгізілгелі жатқан өзгерістерді талқылау үшін бас қосқан құқық қорғау органдарының өкілдері осылай дейді. Жиынға сондай-ақ мәжіліс депутаттары мен Алматы қаласының Бас прокуроры қатысып, референдумның мән-маңызына кеңінен тоқталды.
«Референдумда Қазақстан Халқы еліміздің жаңа Конституциясының жобасына дауыс беріп, ер-ықтиярларын білдірмекші. Сонымен қатар белгілі бір осы концепцияны, яғни оның ішінде Конституцияға байланысты заң мен тәртіп қағидасы мәселелердің барлығы қамтылады деп күтілуде», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің аға оқытушысы Қанат Әлихан.
Оқи отырыңыз: Жаңа Конституция жобасы еңбек адамының құқығын қорғауды жаңа деңгейге көтереді