Жазу барысында автор елдің барлық аймағын аралап, оқиға куәгерлерімен тілдесен
Алматыда жазушы Бигелді Ғабдуллиннің "Каңтар-22: Сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы" атты кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Туынды Қаңтар оқиғасының желісімен жазылған. Жазу барысында автор елдің барлық аймағын аралап, оқиға куәгерлерімен тілдесен. Автордың айтуынша, әуелдегі мақсаты – халыққа қаңтар оқиғасының мән-жайын ашу.
"Халықты көп сұрақ толғандырды. Сондықтан 2022 жылғы қаңтар оқиғасы туралы шындықты жазғым келді", – деді кітаптың авторы Бигелді Ғабдуллин.
"Ол қаңтар оқиғасының қалай басталғанынан бастап, соңына дейін жазып шықты. Куәгерлерден сұқбат алды және ең қызығы, зерттеу нәтижесінде өте маңызды қорытындылар шығара білді", – деді әдебиеттанушы Светлана Ананьева.
Оқи отырыңыздар: Ұшақ апаты: Үкіметтік комиссия құрылды