Телемосттың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу
Алматыда «Келешек» мектептері арасында телемост ұйымдастырылды. Іс-шараға арқау болған тақырып – «Шығармашыл ұрпақ – қуатты Қазақстан». Оқушылардың түрлі жобасы таныстырылған жиын Республика күні қарсаңында өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Телемосттың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, «Келешек» мектептері арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Іс-шараға қатысқан қонақтар оқу ордасының робототехника жобалары мен бейнелеу өнері бағытындағы көрмесімен танысты. Мерекелік бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының патриоттық әнімен ашылып, жас өнерпаздардың музыкалық қойылымдарымен өрбіді.
Оған қоса, білім алушылар қазақы нақышпен өрнектелген заманауи киім-кешек киіп, сән көрсетілімімен ортаға шықты.
«Алматы қаласындағы «Келешек» мектептерінде оқушылар бос уақыты қалай өткізіп жатқанын шығармалығы қалпай дамып жатқанын, мақсат-тілектерін білу және үш мектепті бір-біріменен тығыз байланыстыру үшін телемост ұйымдастырылды. Әрине, үшеуінің де жанры үш түрлі, бірақ түпкі мақсаты – бір, ол – балаларды шығармашылық жолда дамыту», – деді № 231 мектеп директорының міндетін атқарушы Света Ахметова.
Оқи отырыңыз: Республика күні: Наурызбай ауданында белсенді азамат марапатталды