Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды
Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы сот шешімі бойынша заңсыз деп танылған Айнабұлақ -1 6 «Б» шағынауданында кафені бұзудың басталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кафенің меншік иесі (жеке тұлға) АПЗ, эскиздік жобаны келісу, жобаны сараптау және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болмаса да құрылысты салған.
Бұрын басқарма меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдап, анықталған бұзушылықтарды жоюға нұсқама берілген.
2024 жылғы 7 ақпанда басқарма Жетісу аудандық сотына объектіні бұзуға талап арыз берді. Сот шешімімен талап-арыздар қанағаттандырылды, қалалық соттың 2024 жылғы 19 маусымдағы қаулысымен шешім өзгеріссіз қалды.
Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Естеріңізге сала кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасы аясында өткен жылдан бері 53 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта», «Khan», «Алма Гарден» тұрғын үй кешендері және басқалары толығымен немесе ішінара бұзылған.
Оқи отырыңыз: Алматыда мұз айдындары тегін жұмыс істеп тұр