Алматыда ХХІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді

Almaty.tv
Almaty.tv

Олимпиада бес күнге созылады және екі турдан тұрады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

10-15 қаңтар аралығында Алматыда өтетін оқушыларға арналған математика, физика және информатика бойынша ХХІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасына әлемнің 16 елінен 612 оқушы мен 122 жетекші қатысады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қатысушы елдер қатарында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Ресей, Румыния, Тәжікстан, Түрікменстан, Индонезия, Үндістан және Өзбекстан бар. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың нәтижелері бойынша анықталады. 

Олимпиада бес күнге созылады және екі турдан тұрады. Тапсырмалар күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және халықаралық қазылар алқасымен құрастырылған. 

Математика, физика және информатика пәндері бойынша мектеп оқушыларына арналған Халықаралық Жәутіков олимпиадасы елімізде 22-ші рет ұйымдастырылғалы деп отыр. Биыл аталмыш білім бәйгесі Алматы қаласында өтеді.

Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталады, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен алтын, күміс және қола медальдарға ие болады.

Оқи отырыңыз: Еліміздің кітапханалары 240 мыңнан астам әдебиетпен толықты

Новости партнеров