Алматыда кітапхана және кітап ісі саласының өзекті мәселелері талқыланды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қатысушылар «Кітапхана және кітап ісі туралы» заңын қабылдаудың қажеттілігіне назар аударды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Али Алматы қаласындағы кітапхана және баспа саласының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жиын барысында кітапхана қызметі мен баспа ісін дамыту, авторлық құқықты қорғау тетіктерін күшейту, сала мамандарын даярлау мәселелерін жетілдіру қажеттігі сөз болды. Сонымен қатар кітапханалардың материалдық-техникалық базасын нығайту және кітап қорының сапасын жақсарту мәселелері кеңінен талқыланды.

Қатысушылар «Кітапхана және кітап ісі туралы» заңын қабылдаудың қажеттілігіне назар аударды. Себебі, жаңа заң кітапхана қызметін жаңғыртуға және кітап ісін жүйелеп, белсенді дамытуға айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті. Осы орайда заң жобасына қатысты ұсыныстарын ортаға салып, басымдық берілуі тиіс тұстарын ортаға салды.

Оқи отырыңыз: Дархан Сатыбалды "Рахат-Мәдениет" шағынауданының тұрғындарымен кездесті

Новости партнеров