Күдікті түнгі уақытта әрекет етіп, аулаларда тұрған көліктердің терезесін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштерді, телефондарды және басқа да құнды заттарды ұрлаған
Алматыда көлік әйнектерін сындырған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алмалы аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері автокөліктерден ұрлық жасағаны үшін 42 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу мәліметіне сәйкес, күдікті, негізінен түнгі уақытта әрекет етіп, аулаларда тұрған көліктердің терезесін сындырып, ішіндегі бейнетіркегіштерді, телефондарды және басқа да құнды заттарды ұрлаған.
"Қазіргі уақытта оның Алматы қаласында жасалған осындай сегіз қылмысқа қатысы бар екені белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Біз осыған ұқсас басқа да қылмыстарды саралап жатырмыз және оның басқа деректерге де қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз", – деді, Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.
Полицейлер, көлік иелеріне әсіресе түнгі уақытта көлік салонында құнды заттарды қалдырмауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз: Мемлекеттік сатып алу: жеткізушінің қаражат аудару қағидасы бекітілді