Мемлекеттік сатып алу: жеткізушінің қаражат аудару қағидасы бекітілді

SumUp
SumUp

Бірыңғай оператор электронды әмияндағы жалпы сома көлемінің кемінде 70% банк шотында сақтау арқылы жеткізушілерге ақшаны үздіксіз және уақтылы қайтару операциясын орындауды қамтамасыз етеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа қағида Қаржы министрінің 2025 жылғы 30 шілдедегі № 412 бұйрығымен бекітілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Электронды әмиян — жеткізушінің жеке шоты, оны бірыңғай оператор мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде жеткізуші бірыңғай оператордың шотына ақша енгізген кезде жүргізілетін операцияны көрсету үшін пайдаланады", — делінген құжатта. 

Операциялар келесі жағдаймен байланысты:

— мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету;
— шарттың орындалуын қамтамасыз ету;
— авансты қамтамасыз ету (шартта аванс көзделген жағдайда);
— демпингке қарсы соманы енгізу.

Бірыңғай оператор электронды әмияндағы жалпы сома көлемінің кемінде 70% банк шотында сақтау арқылы жеткізушілерге ақшаны үздіксіз және уақтылы қайтару операциясын орындауды қамтамасыз етеді. Ал қалған 30% айдың соңында бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында аударылады.

Бірыңғай оператордың қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат жеткізушінің өтінімі бойынша бірыңғай оператордың талабы бойынша сақталып тұрады. 

Оқи отырыңыз: Алматы облысында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған қылмыстық топ ұсталды

 

Новости партнеров