Алматыда Қонаев университетінің 500-ден астам түлегі диплом алды

10.07.2025 19:18

Биылғы оқу бітірушілердің басым бөлігі құқық қорғау саласы мамандықтарын таңдаған 

Бүгін Алматыда Қонаев университетінің 500-ден астам түлегі диплом алып, жаңа өмірге қадам басты. Салтанатты іс-шараға жоғары оқу орнының басшылығы, оқытушылар құрамы мен түлектердің ата-аналары қатысты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.   

Биылғы оқу бітірушілердің басым бөлігі құқық қорғау саласы мамандықтарын таңдаған екен. Университет басшылығы бітірушілердің білімі мен тәжірибесіне сенім білдіріп, түлектерінің алды түрлі мемлекеттік қызметте жоғары жетістікке жеткенін атап өтті.  

«Бүгін университетте үлкен жақсылық болып жатыр. Өйткені бүгін түлектерімізді ұшырып жатырмыз. Бәріне ақ жол тіледім. Біз халықаралық құқық, құқық қорғау органдары, кеден ісі, қаржы саласының заңгерлерін дайындап жатырмыз», - деді Д. Қонаев университетінің президенті Өмірәлі Жалаири.

«Бүгін – біз үшін өте маңызды күн. Университет қабырғасында төрт жыл оқып, бүгін тамамдап жатырмыз. Барлық бітіруші түлектерге алғысым шексіз. Жаңа өмірге сәттілік тілеймін жгне Қонаев Университетінің барлық басшылығына, университет мұғалімдеріне алғысым шексіз», - деді түлек Аружан Ғалымжанқызы.

Оқи отырыңыз: "Күнде өтуге мәжбүрміз": Көкшетаулықтар көпірдің құлағалы тұрғанын айтып шағымданды