Алматыда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

18.10.2024 09:35

ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялап, 1 кейуана мен 2 баланы құтқару қалпақтары арқылы құтқарған

elements.envato.com

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен өрт шығып, бес адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖМ мәліметінше, өртАлматы қаласы Алмалы ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде 1-қабаттағы пәтерде тұтанған.

ТЖД қызметкерлері баспалдақ маршымен 5 адамды эвакуациялап, 1 кейуана мен 2 баланы құтқару қалпақтары арқылы құтқарған.

«Тәжірибелі өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, оны 8 шаршы метр алаңда жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында вейптерді ірі мөлшерде елге кіргізіп, таратқан күдіктіге үкім шықты