Алматыда күн сайын 90 отбасы шаңырақ көтереді

Depositphotos
Depositphotos

Одан бөлек жыл басынан бері шамамен 3 000 жұп некені бұзу туралы өтініш берген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Осы жылдың 11 айында Алматы қаласында 17 500-ден астам неке тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласының филиалының мәліметінше, мегаполисте күніне орта есеппен 90 неке қиылады. Шаңырақ көтеруге ниет білдірген қыздардың орташа жасы – 28 болса, жігіттер үшін – 31 жас.

Сонымен қатар биыл некеге тұруға өтініш бергендердің ішіндегі ең ересектері 80-85 жас аралығындағы азаматтар болған. Ал ең жас жұп – заңда көрсетілген талаптарға сай рұқсат ала отырып, 16 жаста шаңырақ көтерген. 

Одан бөлек жыл басынан бері шамамен 3 000 жұп некені бұзу туралы өтініш берген. 

"Алматы қаласында неке тіркеу көрсеткішінің жоғары болуы – мегаполистің демографиялық белсенділігінің айғағы. Біз азаматтарға барынша қолайлы және ашық қызмет көрсету үшін процестерді жеңілдетудеміз. Өтінішті онлайн беру және салтанатты рәсімді алдын ала брондау уақыты едәуіүйленр үнемдейді", - деп хабарлады корпорацияның Алматы филиалы.

Еске салайық, неке қию үшін өтінішті 15 күн бұрын тапсыру қажет. Бұл қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» арқылы, электрондық үкімет порталы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары арқылы рәсімдеуге болады. 

Оқи отырыңыз: Мәслихат пен Қоғамдық кеңес мүшелері Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасын бірлесіп қарады

 

Новости партнеров