Жарысқа 200-ден астам спортшыдан құралған 30 команда қатысады
27-29 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Орталық спорт клубының базасында Қазақстан Республикасының күштік құрылымдары арасында қазақ күресі мен самбодан ашық республикалық чемпионат өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жарысқа еліміздің негізгі мемлекеттік органдарынан жасақталған 200-ден астам спортшыдан құралған 30 команда қатысады. Атап айтқанда, ҚР ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ТЖМ, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі, Шекара қызметі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері бақ сынайды.
Жарыс төмендегідей салмақ дәрежесі бойынша өтеді:
Салтанатты ашылу рәсімі 28 наурыз күні сағат 11:00-де өтеді. Үш күнге созылатын жарыс барысында көрермендерді тартысты белдесулер, әсерлі айқастар және шынайы спорттық бәсекеге толы атмосфера күтеді. Өтетін орны: Алматы қаласы Сәтбаев көшесі, 6Б. Орталық спорт клубы.
Жарыс бағдарламасы:
Аталған ашық чемпионат күштік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, ұлттық спорт түрлерін насихаттауға және Қазақстанның спорттық дәстүрлерін дамытуға маңызды үлес қосады.
Оқи отырыңыз: Алматылықтардың интернеттегі есірткі желісін анықтауға қалай көмектесіп жатқаны айтылды