Ури Левин — жаңа технология арқылы нақты мәселені шешіп, оны табысты бизнеске айналдыра білген санаулы кәсіпкерлердің бірі
Алматыда кәсіпке қадам басуды көздеген жандар мен тың идея иелеріне арналған мазмұнды басқосу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Almaty Hub алаңында ұйымдастырылған кездесудің басты қонағы – әлемге әйгілі кәсіпкер әрі инвестор Ури Левин болды. Ол жиында стартапты қалыптастыру, оны нарық талабына икемдеу және кейін ауқымын кеңейту жолдары туралы сөз қозғады.
Айта кету керек, Ури Левин — жаңа технология арқылы нақты мәселені шешіп, оны табысты бизнеске айналдыра білген санаулы кәсіпкерлердің бірі. Оның бастамасымен құрылған жол қозғалысын оңтайландыратын сервис Google компаниясына миллиардтаған қаржыға сатылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта TikTok платформасын жасаған мамандарды да осы алаңға шақыру жоспарда бар.
«Осы аптада «ТикТок»-тың негізін қалаушылар келеді. Одан бөлек, кореялық индустрияның өкілдері өз тәжірибесін айтады»,– деді «Almaty Hub» білім беру және бизнес бағдарламалар кеңсесінің директоры Диас Нұрақын.
Оқи отырыңыз: Жеңіс күні: Алматыда 15 ардагерге 5 миллион теңгеден біржолғы төлем табысталды