Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді

Қаладағы «Барыс-4» көтерме сауда базарында мониторинг жүргізілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына бақылау күшейтілді. Премьер-министр Олжас Бектеновтың тапсырмасына сәйкес, Алматыдағы «Барыс-4» көтерме сауда базарында мониторинг жүргізілді, деп хабарлайды  Almaty.tv

Іс-шараға қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы, Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау, Мемлекеттік кірістер және Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменттері қатысты. Аралау барысында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, сауда үстемесінің 15 пайыздан аспауын қадағалау және тиімсіз делдалдықты қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша тұрақты мониторинг жүргізіп жатырмыз. Бағаны негізсіз көтергендер мен тиімсіз делдалдарды анықтаймыз. Мониторинг нәтижелері өңірлік комиссияның қарауына жолданады. Комиссия қорытындысы бойынша заңбұзушылық фактілері анықталған жағдайда, кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау шаралары қолданылады», деді Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Әбдиев

Сонымен қатар базар әкімшілігімен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, саудагерлерге баға белгілеудің ашықтығы мен оның көрсеткіштерінің дұрыс рәсімделуі түсіндірілді. Мониторинг қорытындысы өңірлік комиссияда қаралып, заң бұзған субъектілерге әкімшілік шаралар қолданылады. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты жалғасады.

Оқи отырыңыз: Алматыда 20 сәуірден бастап жылу желілерін гидравликалық сынау басталады

Новости партнеров