Жиын соңында мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға атсалысып жүрген азаматтар марапатталды.
Алматыда әлеуметтік жобаларды іске асыруда үкіметтік емес ұйымдардың ықпалы артады. Бұл туралы қала әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында сөз болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Шаһар басшысының орынбасары Абзал Нүкенов мегаполистің тұрақты дамуы үшін азаматтық сектордың стратегиялық маңызын атап өтті. Кездесуде қаладағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, олардың қоғамдық тыңдауларға қатысуы, әлеуметтік инновацияларды дамыту және жұмыстың жаңа форматтарын енгізу мәселелері қаралды. Жиын соңында мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға атсалысып жүрген азаматтар марапатталды.
«Ынтымақтастығымыз қоғамдық жұмыстағы игілікті істердің бастамасына ықпал етті деп есептеймін. Бірнеше жылдың қатарында желтоқсан тақырыбындағы жобаларды ұтып келеміз. Биыл да қырық жылдықтың қарсаңында 1-2 жоба еншімізде», - деді «Қайсар жүрек» қоғамдық қорының директоры Шара Ергебаева.
Оқи отырыңыз: Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды