Ұлытауда келіншек бірге тұратын азаматтың қолынан қаза тапты

09.04.2026 20:10

Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адам жанжал кезінде әйелге 20 рет пышақ жарақатын салған

20 рет пышақ сұғып өлтірген. Ұлытауда 4 баланың анасы өзімен бірге тұратын азаматтың қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

20 рет пышақ сұғып өлтірген. Ұлытауда 4 баланың анасы өзімен бірге тұратын азаматтың қолынан қаза тапты. 42 жастағы әйел оқиға болған күні жұмыс орнында болған екен. Марқұмның туыстарының айтуынша, ер адам сол жерге келіп, жанжал кезінде әйелге 20 рет пышақ жарақатын салыпты. Кейін күдікті өзіне де зақым келтіруге әрекет жасап, аураханаға түскен көрінеді. Қазір аталған жағдай бойынша «аса қатыгездікпен адам өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Қазіргі таңда күдікті ауруханадан уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды. Себебі қылмыс жасағаннан кейін ол өзіне қол жұмсаған. Тергеу барысы Полиция департаментінің басшылығымен қатаң бақылауда», -  деді Полиция департаменті ғының орынбасары Алмаз Саламатов

Оқи отырыңыз: Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан бұзылып жатыр