Алматыда тергеу органдары мен медицина сарапшыларының өзара іс-қимылы талқыланды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Қалалық тергеу қызметі мен медицина сарапшыларының бірлескен семинары өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы полиция департаментінде тергеу органдарының денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз бейінді мамандармен өзара іс-қимылын жетілдіру, сондай-ақ Алматы қаласы бойынша Сот сараптамалары институтында сот сараптамаларын тағайындау барысында туындайтын өзекті мәселелерді талқылауға арналған семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Almaty.tv. тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Іс-шараға Алматы қаласы ПД тергеу бөліністерінің басшылығы мен қызметкерлері, аудандық полиция басқармалары бастықтарының орынбасарлары, Сот сараптамалары институтының өкілдері, сондай-ақ медицина саласының сарапшылары мен кәсіби қоғамдастық мүшелері қатысты.

Семинарды ашқан Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Шарибаев медициналық сипаттағы қылмыстық істерді тергеу кезінде пәнаралық тәсілдің маңыздылығына тоқталды.

– Медициналық құрамдас бөлігі бар қылмыстық істер ерекше байыптылық пен жоғары кәсібилікті талап етеді. Тергеу органдары мен бейінді мамандар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл қабылданатын процессуалдық шешімдердің объективтілігін қамтамасыз етіп, тергеу сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Рустам Шарибаев.

Семинар-кеңес барысында тәуелсіз бейінді мамандарды тарту тәртібі, кешенді медициналық қорытындылардың практикалық маңызы, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезеңінде сот сараптамаларын тағайындау кезінде туындайтын қиындықтар кеңінен қаралды.

Сараптамалық қорытындыларды даярлаудағы медициналық аспектілер жөнінде сарапшы Айжан Садықова баяндама жасады. Ол медициналық әрекеттерге клиникалық негізделген баға берудің және бейінді дәрігерлердің қатысуының маңызына ерекше назар аударды.

– Тергеу үшін медициналық процестердің ішкі логикасын түсіну аса маңызды. Сарапшылардың қорытындылары тек формалды белгілерге ғана емес, клиникалық көрініске де сүйенуі тиіс. Бұл себеп-салдар байланыстарды барынша дәл анықтауға мүмкіндік береді, – деді Айжан Садықова.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар пікір алмасып, қылмыстық істерді тергеу сапасын арттыру мақсатында тергеу органдары мен сарапшылық әрі медициналық қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға бағытталған бірқатар ұсынысты әзірледі.

Оқи отырыңыз: ІІМ көлік жүргізушілеріне үндеу жасады: 20-дан астам учаске жабық
 

Новости партнеров