Алматыда медициналық туризм саласындағы экспорттық әлеует талқыланды

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Форумда Қазақстандағы медициналық туризмді дамыту перспективаларын талқыланды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында медициналық туризмге арналған Almaty International Medical Tourism Forum халықаралық форумы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Денсаулық сақтан министрлігінен хабарлағандай, аталған алаңда медициналық туризм, кәсіби оқыту және тәжірибе алмасу бағыттарында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Форум Қазақстандағы медициналық туризмді дамыту перспективаларын талқылауға, халықаралық әріптестікті нығайтуға және отандық денсаулық сақтау жүйесінің экспорттық әлеуетін ілгерілетуге арналған маңызды диалог алаңына айналды.

Форум бағдарламасының шеңберінде өткен пленарлық отырыстар, сараптамалық баяндамалар мен панельдік сессияларда келесі мәселелер қарастырылды:

• Қазақстанның медициналық туризм бағыты ретіндегі бәсекелік артықшылықтары;
• жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту (онкология, трансплантология, нейрохирургия);
• пациенттерді тартудың халықаралық практикалары;
• денсаулық сақтау мен туризм салалары арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері.

Форумды өткізу Қазақстанның медициналық туризм саласындағы жоғары әлеуетін айқындап, оны реттеу мен ілгерілетудің жүйелі тетіктерін одан әрі дамыту қажеттігін көрсетті.

Іс-шара Алматы қаласының Туризм басқармасының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының қатысуымен және халықаралық серіктестерді тарта отырып ұйымдастырылды.

Оқи отырыңыз: Алматылықтар «Желтоқсан» саябағындағы сенбілікке қатысты

Новости партнеров