Ваучерлік жүйе арқылы ата-аналар мемлекеттік те, жекеменшік те балабақшалардың қызметін төлеуге мүмкіндік алады
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығымен бекітілген өңірлердің Пилоттық жобаға көшу кестесіне сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі.
Бұл жаңашылдықтың басты мақсаты — мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, бәсекелестікті күшейту және ата-аналарға балабақша таңдауда еркіндік беру.
Ваучерлік жүйе арқылы ата-аналар мемлекеттік те, жекеменшік те балабақшалардың қызметтерін төлеуге мүмкіндік алады.
2025 жылғы 1 шілдеден бастап ата-аналар мектепке дейінгі білімге арналған ваучерлер ала алады. Алматы қаласында бағдарламаға 988 мектепке дейінгі ұйым қатысады, оның ішінде:
Ұйымды таңдау бос орынның болуына байланысты жүзеге асырылады. Ваучер рәсімдеу электронды https://balabaqsha.snation.kz/ порталы арқылы жүргізіледі.
Бағдарламаның мақсаттары:
Қалай жұмыс істейді:
1. Ата-аналар https://balabaqsha.snation.kz/ электронды порталы арқылы ваучер алу үшін өтініш береді;
2. Ваучер баланың балабақшада болу құнының бір бөлігін жабады;
3. Қаржыландыру балабақшаға тікелей баланың баруын растағаннан кейін беріледі;
4. Бағдарламаға қатысатын жекеменшік балабақшалар белгіленген сапа стандарттарына сай болуы керек.
Бағдарламаға қатысу үшін ресми порталға https://balabaqsha.snation.kz/ кіріп, ваучер алу үшін өтініш беру қажет.
Оқи отырыңыз: Алматыда жасыл желекке биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр