Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу тарихында ең үздік нәтиже көрсетті
Қазақстандық төрт оқушы жасөспірімдер арасындағы Балқан математикалық олимпиадасында ең үздік атанды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Солтүстік Македонияда жасөспірімдерге арналған Балқан математикалық олимпиадасы (JBMO) өз мәресіне жетті.
Қазақстан құрамасы жарысқа қатысу тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, төрт алтын, бір күміс және бір қола медаль жеңіп алды. Командалық есепте 24 ел қатысушылары арасында біздің оқушыларымыз екінші орынды иеленді.

Жеңімпаздар:
Құраманың жетекшілері: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәні мұғалімі Сергей Полянских және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Перизат Саутбекова.

Айта кетсек, JBMO – 16 жасқа дейінгі оқушыларға арналған беделді халықаралық олимпиада. Қатысушы елдердің қатарында Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия және басқа да мемлекеттер бар. Қазақстан бұл додаға 2004 жылдан бері қатысып келеді және дәстүрлі түрде үздіктер қатарында. Өткен жылы Түркияда өткен олимпиадада команда 6 медаль жеңіп алған болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық опера әншісі әйгілі Андреа Бочеллимен өнер көрсетті