Іс-шараның мақсаты - балаларды қауіпсіздік негіздеріне үйрету
Алматыда «Мобильді қауіпсіздік мектебі» ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты - балаларды қауіпсіздік негіздеріне үйрету, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыру.
ТЖД мобильдік тобы «Қауіпсіз демалыс - бақытты демалыс» тақырыбында «Юный домостроитель» лагерінің қызметкерлері мен демалушы балалармен сабақ өткізді.
«Іс-шара барысында балаларға өрт қауіпсіздігі ережелері, судағы қауіпсіздік, өрт және жер сілкінісі туындаған кездегі іс-әрекеттер, алғашқы медициналық көмек көрсету негіздері түсіндірілді, сондай-ақ балалардың терезеден құлауының алдын алу шаралары жүргізілді. Іс-шара балаларға «өз тілінде» маңызды ақпаратты игеруге мүмкіндік беретін ойын викториналарын ұйымдастырылды», - делінген хабарламада.
Сабақ аяқталғаннан кейін алынған білімді қолжетімді және көрнекі түрде бекіту үшін оқыту бейнероликтері көрсетілді.
Оқи отырыңыз: Павлодарда Ұлттық қордың 158 млн теңгесі ұрланғаны анықталды