Павлодарда Ұлттық қордың 158 млн теңгесі ұрланғаны анықталды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Лауазымды қызметкер 3 жылға бас бостандығынан айырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар аудандық прокуратурасы тексеру барысында Павлодар ауданындағы нақты сектор экономика бөлімінің басшысының лауазымын асыра пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған дерек әлеуметтік нысан салу кезінде болған.

Мәлімет бойынша, «Ауыл Ел-Бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ұлттық қордан бөлінген қаражат есебінен Кемеңгер ауылында спорт-сауықтыру кешені салынған, оның құны – 382 млн теңге.

«Бюджет қаражатының заңсыз жұмсалуын тексеру барысында мердігерге орындалмаған жұмыстардың көлемі үшін 158 млн теңге төленгені анықталды», - делінген хабарламада.

Аудан прокуратурасы лауазымды тұлғаның қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша материалдарды Қылмыстық кодекстің 361-бабы бойынша ЕРДР-ға тіркеді, алдын ала тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент жүргізді.

Павлодар облысының аралық сотының үкімімен бұрынғы нақты сектор экономика бөлімінің басшысы 3 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз: Петропавлда туған әпкесін балағаттаған тұрғын он күнге қамалды

Новости партнеров