Алматыда «Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі» атты патриоттық іс-шарасы өтті

02.05.2025 11:54

Бұл іс-шара – батырлар ерлігінің ұмытылмас өнегесі мен елге деген сүйіспеншіліктің маңызды естелігі ретінде есте қалды

«AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы

Алматы қаласы Алатау ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» және «Кітап – AMANAT» партиялық жобалары аясында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Өніп тұр бір қызыл гүл таста тірі» атты патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға ерекше атмосфера сыйлаған – «AMANAT» партиясының Әлия есімді мүшелері. Олар ұлы есімнің қадірі, ұрпақтар сабақтастығы және жастардың патриоттық құндылықтарды дамытудағы маңызы туралы өз пікірін білдірді.

Сондай ақ Әлия есімді аруларды партия қатарына қабылдау бойынша салтанатты рәсім өтті. Бұл даңқ пен ерлік дәстүрлеріне деген құрметтің жарқын белгісіне айналды. Олар батыр есімінің мәні мен рухани жауапкершілігі жайлы, сондай-ақ жастардың елге адал қызмет етуіндегі рөлі туралы ой бөлісті. Жаңа партия мүшелерінің айтуынша, мұндай шаралар — өткен мен бүгіннің арасын жалғайтын рухани көпір.

«Әлия – біз үшін тек есім емес, бұл — ерлік пен адалдықтың символы. Осындай ұлы есімді алып жүру – үлкен мәртебе ғана емес, үлкен жауапкершілік. Бүгінгі ұрпақ батырлар рухына сай болуға тиіс», — деді шараға қатысушлар.

Ресми бөлімнен кейін қатысушылар Астана алаңындағы Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ескерткішіне барып, ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, гүл шоғын қойды.

Бұл іс-шара – батырлар ерлігінің ұмытылмас өнегесі мен елге деген сүйіспеншіліктің маңызды естелігі ретінде есте қалды. «AMANAT» партиясы мұндай тәрбиелік мәні зор шараларды жалғастыра бермек.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы бөлшек сауданың үштен бірінен астамы Алматыда шоғырланған