Алматыда өрт қаупі жоғары маусым басталғалы құрғақ шөптің жану деректері көбейген. Жыл басынан бері 10 гектарға жуық аумақ отқа оранған екен. Әсіресе, қаланың шеткі және таулы аймақтарда қауіп жоғары. Осыған байланысты аудан әкімдіктері тарапынан 214 гектар жердегі құрғақ шөп шабылып, өрттің таралуына жол бермеу үшін 94 шақырымға минералды жолақтар жасалған. Тілсіз жаудың алдын алу үшін бұдан бөлек қандай шаруа қолға алынған? Бұл сауалға Аlmaty TV эфирінде Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Жандар Дулат жауап берді.