Алматыда Орталық Азия әйелдерінің тағдырын көрсететін бірегей көрме ашылды

05.12.2025 21:57

«Тірек: қыз тағдырының арқауы» атты көрмеде 14 арт-шығарма ұсынылған

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыдағы Almaty Gallery мемлекеттік көркемсурет галереясында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Еуропа және Орталық Азия елдеріне арналған БҰҰ-Әйелдер құрылымы аймақтық кеңсесінің қолдауымен  «Тірек: қыз тағдырының арқауы» атты бірегей дата-арт көрмесі ашылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Министрлік хабарлауынша, көрмеде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан суретшілерінің 14 арт-шығарма ұсынылған. Жоба Орталық Азиядағы гендерлік саясаттың өзекті мәселелерін көтеруге және әйелдер мен қыздардың құқығын қолдауға бағытталған.

Картиналарды жасауға негіз ретінде әйелдердің көшбасшылығы, еленбейтін еңбек, экономикалық теңсіздік, кемсітушілік, гендерлік зорлық-зомбылық, ана өлімі, гендерлік стереотиптер мен әлеуметтік нормалар сияқты ресми деректертер пайдаланылды.

Алғаш рет «Тірек: Қыз тағдырының арқауы» жобасы Қырғызстанның Бішкек қаласында 2025 жылдың шілдесінде көпшілікке ұсынылған. Бұл оқиға қазіргі таңда Орталық Азия елдерін әйелдер мен қыздардың құқықтары туралы диалогқа біріктіретін ауқымды өңірлік жобаның бастамасына айналды.

«Тірек» атауы символық мәнге ие. Түркі тілдерінде бұл сөз «тірек», «өзек», «негіз» деген мағына береді. Көрме аясында экскурсиялар, суретшілер, белсенділер және көшбасшылармен пікірталас көшбасшылр, арт-сессиялар, мата қуыршағын жасауға арналған воркшоп және түрлі талқылаулар өтеді", - делінген хабарламада. 

«Тірек: қыз тағдырының арқауы» көрмесі 2025 жылғы 5–15 желтоқсан аралығында Almaty Gallery-де (Алматы қаласы, Достық көшесі, 44-үй мекенжайы бойынша) көрермендерге ашық. Кіру тегін.

 Оқи отырыңыз: Алматылық студенттер қазақстандық олимпиадашылармен кездесті