Музыкалық кеште Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрі өнер көрсетті
Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Жеңіс салтанаты» атты концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, музыкалық кеште Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлы-этнографиялық оркестрі өнер көрсетті.
Ұжым солистер және балалар хорымен бірге соғыс жылдарындағы әндерді, сондай-ақ Нұрғиса Тілендиевтің шығармаларын орындады.
Кеш барысында «Ақсақ құлан», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері, «Журавли», «Катюша», «Қаһарман аға Бауыржан» композициялары және өзге де туындылар шырқалды.
Концерт соңында сахнада аңызға айналған «День Победы» әні орындалды.
Оқи отырыңыз: Көлік министрлігі Астана – Франкфурт рейсіне қатысты оқиғаны тергеп-тексеретін болады