Көлік министрлігі Астана – Франкфурт рейсіне қатысты оқиғаны тергеп-тексеретін болады

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2026 жылғы 8 мамырда Астана – Франкфурт бағыты бойынша KZR921 рейсін орындау кезінде «Air Astana» АҚ-ның EI-KGJ тіркеу нөмірлі Airbus A321 әуе кемесімен авиациялық оқиға болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астана әуежайынан ұшып шыққаннан кейін әуе кемесінің экипажы қозғалтқыштардың бірінің істен шығуына байланысты PAN-PAN шұғыл дабылын жариялады. Осыған байланысты экипаж Ақтөбе қаласының қосалқы әуежайына қону туралы шешім қабылдады.

Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы, оның ішінде 4 бала мен 1 нәресте, сондай-ақ экипаждың 9 мүшесі болған.

Әуе кемесі Ақтөбе әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат 11:34-те штаттық режимде қонды. Экипаж әуе кемесінің жедел пайдалану жөніндегі анықтамалығында (QRH – Quick Reference Handbook) көзделген рәсімдерге сәйкес әрекет етті. Қонғаннан кейін әуе кемесі тұрақ орнына өздігінен жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуежайдың авариялық-құтқару және тиісті жерүсті қызметтері жұмылдырылды.

"Авиациялық оқиға әуе кемесінің күштік қондырғысындағы техникалық ақауға байланысты болды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер немесе әуе кемесінің зақымдануы туралы ақпарат түскен жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген авиациялық оқиғалар мен инциденттер туралы деректерді ұсыну және оларды тергеп-тексеру қағидаларына сәйкес аталған авиациялық оқиға ауыр инцидент ретінде жіктеліп, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеп-тексеру департаменті тергейтін болады.

Алғашқы іс-шараларды жүргізу және ақпарат жинау мақсатында авиациялық оқиға орнына Департамент қызметкерінің баруы жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Ерлан Қарин: Құрылтай сайлауы ел дамуының жаңа кезеңінің басталғанын айғақтайды

Новости партнеров