Алматыда өз-өзіне қол жұмсауға итермелейтін Telegram-арна бұғатталды

elements.envato.com
elements.envato.com

67 адам арна әкімшілігінен команда алған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бас прокурордың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласының прокурорлары күйзелістік контенті бар Telegram-арнасын бұғаттау шараларын қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру барысында 67 оқырманның әкімшіліктен суицидке бағытталған рөлдік команда алғаны анықталды.

"2024 жылы 23 қыркүйекте сот Алмалы ауданы прокурорының деструктивті чатқа тыйым салу туралы талабын қанағаттандырды. Сот шешімі дереу Мәдениет және ақпарат министрлігіне орындауға жолданды", - делінген ведомство хабарламасында.

Алматы прокуратурасы ата-аналарға интернетті қолдануда жауаптылықпен қараудың маңыздылығын еске салады, күдікті контент анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Оқи отырыңыз: Көшеде түкіріп, темекі тұқылын тастайтындар қанша айыппұл төлейді

Новости партнеров