Алматыда Өзбекстан суретшілерінің көрмесі ашылды

17.08.2026 15:12

Онда  Ташкент, Самарқан, Бұхара, Ферғана және өзге де өңірлердің 40 қылқалам шеберлері ұсынған  63 туынды көпшілік назарына ұсынылды

Алматыда Өзбекстан суретшілерінің «Реализмнен заманауи көркемдік эксперименттерге дейін» атты халықаралық көрмесі ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Онда  Ташкент, Самарқан, Бұхара, Ферғана және өзге де өңірлердің 40 қылқалам шеберлері ұсынған  63 туынды көпшілік назарына ұсынылды. Өзбек бейнелеу өнерінің болмысы мен бүгінгі тынысын танытатын туындыларда ұлттық нақыш, тарихи таным, табиғат көріністері мен адам бейнесі түрлі көркемдік тәсілмен бейнеленген. Салтанатты ашылуға сол елдің еңбек сіңірген суретшілері, Көркемөнер академиясының академиктері, суретшілер одағының өкілдері қатысты. Туындыларды Алматы галереясында 13 қыркүйекке дейін тамашалауға болады.

«Көрмеде әр түрлі жанрдағы туынды бар. Бір кеңістікте әр буын шеберлерінің шығармашылығы тоғысып, дәстүрлі реализмнен бастап заманауи көркемдік эксперименттерге дейінгі бағыттар бар. Бұл көрме сөзсіз екі ел арасындағы мәдени байланысты нығайтып, шығармашылық қауым арасында кәсіби тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді», – деді Өзбекстан суретшілер одағы халықаралық бөлімінің жетекшісі Насима Жураева.

«Алматы қаласы музейлер бірлестігі соңғы жылдары халықаралық мәдени байланысты нығайту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл сол жұмыстың жалғасы деп айтамыз. Осы үш жылдың ішінен бірлестік тарапынан 14 халықаралық көрме ұйымдастырылды», – деді музейлер бірлестігінің директоры ләззат Сағындықова.

Оқи отырыңыз:  Жұлдыз Сүлейменова Спорт күніне орай педагогтерді марапаттады

Толық көрсету