Алматыда «Озық технологиялар орталығы» ашылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Жасанды интеллект жылы аясында Халықаралық инженерлік және технологиялық университет базасында «Озық технологиялар орталығы» ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Енді жаңа алаңда заманауи 3D принтерлердің көмегімен дрондар жасалып, құрастырылады. Сонымен қатар Оңтүстік Кореядан арнайы шақырылған оқытушылар студенттерге ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырудың қыр-сырын үйретеді. Бұдан бөлек, оқу орнында ғылым онкүндігі аясында жасанды интеллект саласындағы тың жетістіктер таныстырылды. Келушілер назарына әртүрлі бағыттағы озық технологиялар ұсынылып, кеңінен көрсетілді.

«Ғылым онкүндігі» аясында халықаралық инженерлік-технология университетінде ғылыми зерттеу жобаларының көрмесі ұйымдастырылып жатыр. Бұл жерде біздің ғалымдардың басты жетістіктері сонымен қатар студенттердің жетістіктері де көрсетіліп отыр. Қазіргі таңда үш деңгейлі білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда. Яғни, бакалавриат, магистратура, докторантура және негізгі бағыттары бұл IT саласы, технология саласы және экономика бағыттары мамандықтары», - деді Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Дархан Ақпанбетов.

«Біз қазір Оңтүстік Кореядан тәжірибелі профессорларды шақырып, студенттерге практикаға негізделген оқыту жүйесін ұсынып отырмыз. Сонымен қатар оқу орнына кең көлемде заманауи құрал-жабдықтар жеткізілді. Біз студенттерге сол техникаларды тиімді қолдануды, олармен дұрыс жұмыс істеуді және нақты өнім шығаруды үйретеміз», - деді компанияның бас директоры Хон Джин Сон (Оңтүстік Корея)

Оқи отырыңыз: Алматыда тозығы жеткен автокөліктерді сатып алу механизмі енгізіледі

Новости партнеров