Алматыда пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды

Алматылық оқушылар пәндік олимпиадалар бойынша 20 жылдан бері алда келеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шаһардың 130 мектебінен 1134 оқушы өзара сайысқа түседі. Қатысушылар 15 пән бойынша зияткерлік қабілеттерін дәлелдейді. Бірінші кезеңде теориялық  ілімін көрсетсе, екіншісінде тәжірибелік тапсырмалар орындайды.

"Олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Республикалық олимпиадаға іріктеу жүргізіледі. Әлемнің жеті олимпиадасына жеңімпаздарға жолдама беріледі. Бұл – дайындық әрі іріктеу кезеңі", – деді "Алматы дарыны" орталығының директоры Гүлнұр Кәрімғажы.

Білім бәйгесінде жоғары сынып оқушылары бақ сынайды. Сайыста жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққандар наурызда өтетін республикалық жарысқа жолдама алады.

Айта кетейік, республикалық көрсеткіште алматылық оқушылар пәндік олимпиадалар бойынша 20 жылдан бері алда келеді.

"Бүгінгі олимпиада менің ойымша өте керемет өтті. №15гимназия – өте әдемі мектеп. Есептер де қызықты болды, республикалық олимпиадаға өтетініме сенімдімін", – деді мектеп оқушысы Абзал Таңсықбай.

Оқи отырыңыз: Жайлы мектеп: елімізде 200-ден аса білім ордасын салу жоспарланған

Новости партнеров