Жайлы мектеп: елімізде 200-ден аса білім ордасын салу жоспарланған

Мемлекет басшысы "Мақсатымыз – апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесін, сондай-ақ орын тапшылығына қатысты түйткілдерді толығымен шешу" деді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Мемлекет тұрғын үй құрылысы саласын одан әрі дамыту, баспаналарды қолжетімді ету үшін шаралар қабылдайды". Жылжып келген жылан жылының алғашқы күндерінде "Ана тілі" газетіне айшықты сұхбат берген ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Мемлекет басшысының айтуынша, кезекте тұрған азаматтарды жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін тиісті жұмыс жалғасып, 2029 жылға дейін жыл сайын 10 мың адам баспанаға ие болады деп жоспарланған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бір ай бұрын 2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет қабылданған. Онда денсаулық сақтау, білім беру саласы мен әлеуметтік қажеттіліктерге қомақты қаржы қарастырылған. Президент жақында берген сұхбатында да әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселесіне баса назар аударылатынын айтты. Ауылдағы денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға арналған ұлттық жобаның аясында елдімекендерде медицина нысандарын салу жұмыстары жалғасатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ елімізде 460 мың оқушыға арналған 217 жайлы мектеп салу жоспарланған. Қазір оның 105 нысанныі құрылысы аяқталды. Мемлекет басшысы "Мақсатымыз – апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесін, сондай-ақ орын тапшылығына қатысты түйткілдерді толығымен шешу" деді. 

"Президенттің тапсырмасында мектептер бір ауысымды оқуы керек. Мектеп тапшылығы бар. «Жайлы мектеп» бағдарламасы, BINOM SCHOOL жүйелері, түрлі инструменттер қолданылуда. Негізгі аудитория мектеп оқушыларына жағдай жасалып жатыр", – деді қалалық мәслихат депутаты Әкім Тұрсын.

Мемлекет басшысы сұхбатында былтыр бастау алған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы жайлы айтты. Игі бастама республиканың барлық өңірін қамтыған. Президент халықтың науқанға барынша қолдау білдіргеніне тәнті екенін айтып, әсіресе, жастарға ризашылығын білдірді. Жалпы акцияға 3,8 миллионға жуық адам қатысқан. Нәтижесінде, 1,5 миллион тонна қоқыс жиналып, 3,2 миллионнан астам көшет егілді. Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" идеясы ұлттық идеологиямыздың аса маңызды бөлігіне айналуы тиіс" деді.

"Еліміздің көркейіп, гүлденуіне, «Жасыл экономиканың» дамуына үлесімізді қосуымыз қажет. Өткен 2024 жылы ҚХА жастары ұйымы болып, экологиялық бағытты дамытып, ағаш отырғызып, экологиялық акциялар өткіздік", – деді ҚХА мүшесі Мохаммед Саруар Омар.

Сондай-ақ Президент "отаншылдығын нақты ісімен көрсететін, мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз" деді. Реформаның бәрі жастардың игілігі үшін жасалып жатқанын тілге тиек етіп, елімізде дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп екенін баса айтты. Президенттің айтуынша, мемлекеттің міндеті – жас мамандарға материалдық және моральдық жағынан көмектесу.

Гүлмарал Изатқызы, Хангелді Ахметханов

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы елордадағы қандай нысандарды аралады

Новости партнеров