Референдумға дейін:
22
күн
22
сағат
45
минут

Алматыда полиция дрон арқылы жол қозғалысы мен тәртіпті бақылайды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданудың негізгі мақсаты – құқықбұзушылықтардың алдын алу және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласында полиция жол қозғалысы ережелерінің және қоғамдық тәртіптің сақталуына бақылауды күшейтіп, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдануды кеңейтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Профилактикалық жұмыс аясында дрондар арқылы түсірілген бейнематериалдар негізінде арнайы бейнеролик дайындалды. Онда жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу және азаматтардың қоғамдық тәртіпке қайшы әрекеттері айқын көрініс тапқан.

Әуеден түсірілген кадрларда қауіпті маневр жасау, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өту, қайта қатарға тұру қағидаларын бұзу деректері, сондай-ақ қоғамдық орындарда қоқыс тастау, түкіру және мінез-құлықтың қарапайым нормаларын елемеу фактілері анық байқалады.

Полиция департаментінің мәліметінше, дрондарды пайдалану құқық бұзушылықтарды объективті түрде тіркеуге, ықтимал қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға және жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

– Дрондар – жай ғана техникалық жаңалық емес, профилактиканың тиімді құралы. Олардың көмегімен біз жолдар мен қоғамдық орындардағы нақты ахуалды көреміз, жерден тіркеу қиын болатын құқық бұзушылықтарды анықтай аламыз, – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Оның айтуынша, ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданудың негізгі мақсаты – құқықбұзушылықтардың алдын алу және заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру.

– Азамат құқықбұзушылықтың назардан тыс қалмайтынын түсінген кезде, оның салдары туралы ойланады. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігіне және қаладағы жалпы тәртіпке тікелей әсер етеді, – деп атап өтті Шумаев.

Полиция дрондардан алынған бейнематериалдар профилактикалық мақсатта да, әкімшілік іс жүргізу шеңберінде де пайдаланылатынын хабарлады. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану жұмыстары тұрақты негізде жалғасады.

Оқи отырыңыз: Сталкинг – қылмыс: Алматыда ер адам жазаға тартылды

Новости партнеров