Референдумға дейін:
22
күн
21
сағат
6
минут

Балқашта 5 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті

Өзге подъездегі 59 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Балқашта 5 қабатты тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып түсті, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Апат Қараменде би көшесінде орналасқан ғимараттың бірінде болған. Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген. Қала әкімдігінің мәліметінше, көпқабатты үй былтыр апатты деп танылып, құлаған бөліктегі пәтер иелері басқа жерге көшірілген. Қазір тұрғын үйдің опырылған тұсы бұзылып жатыр. Ал өзге подъездегі 59 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Жергілікті билік оларды уақытша орналастыру жайын қарастырып жатыр. ¤

«Қазір апат болған аумақта Төтенше жағдай басқармасының 30 маманы үш арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ шаруаға коммуналдық кәсіпорын жұмыскерлері мен атқарушы орган өкілдері жұмылдырылды. Қауіпсіздік талаптары сақталып, аумақ қоршалды. Инженерлік желілер де өшірілді. Бұзу жұмыстары аяқталғаннан кейін мамандар қалған төрт кіреберіске қосымша тексеріс жүргізеді», – деп хабарлайды», – деді Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Руслан Сыздықов.

Оқи отырыңыз: Алматыда полиция жол қауіпсіздігін бақылауға алды

Новости партнеров