Алматыда полиция заңсыз көші-қон деректерін анықтады

polisia.kz
polisia.kz

Үш күнге созылған жұмыс қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 135 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда полиция заңсыз көші-қон деректерін анықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Алматы қаласының Бостандық ауданында көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді.

Үш күнге созылған жұмыс қорытындысы бойынша көші-қон заңнамасын бұзған 135 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар 16 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды, 27 адам жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына жеткізілді, ал 23 қабылдаушы тұлға жауапкершілікке тартылды.

Іс-шара барысында көші-қон полициясының қызметкерлері жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ күйде СПА-салондардың бірінде және құрылыс нысанында болған азаматтарды анықтады. Аталған тұлғалардың барлығы жеке басын анықтау үшін қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Алматы қаласы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаевтың айтуынша, негізгі міндет – шетел азаматтарының заңсыз болуына байланысты туындауы мүмкін қауіптердің алдын алу.

– Біз азаматтардың ел аумағында болу заңдылығын, тіркеу талаптарының сақталуын және қабылдаушы тараптардың жауапкершілігін тексеру арқылы қаладағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді көздейміз, – деп атап өтті ол.

Полиция азаматтар мен ұйымдарды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға және шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында заңды негізде болуын қамтамасыз етуге шақырады.

Оқи отырыңыз: Мұқағали Мақатаев шығармаларына арналған сайыс: Ұлттық ұлан музыканты жеңімпаз атанды

Новости партнеров