Алматыда пробация есебінде тұрған жандарға арналған «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті

Биыл 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда пробация есебінде тұрған жандарға арналған «бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сотталғандар арнайы мамандардан кеңес алып, жұмысқа орналасады. Бұл - азаматтардың мінез-құлқын түзеуге бағытталған, олардың қылмыстық құқық бұзушылыққа қайта бармауы үшін жасалған іс-шара.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер 2 ай сайын өткізіліп тұрады. Нәтижесінде, былтыр 40-тан астам адам екі қолға бір күрек тапса, жыл басынан 12 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жауаптылардың сөзінше, аталған іс әлі де жалғасын табады.

«Жәрмеңкеде жұмыс таптым. Қуаныштымын! Дүйсенбіден бастап, бетон зауытқа оператор болып барамын. Осындай мүмкіндік сыйлаған Медеу аудандық прокуратурасы мен пробация қызметіне алғысым шексіз», – деді қала тұрғыны Роман Поляков.

 «Қазіргі таңда пробация қызметі есебінде 250-ден аса адам тіркеуде тұрады. Бүгінгі жәрмеңкені өткізу мақсаты – пробация қызметі есебінде тұратын адамдардың  қайта қылмысын алдын алу, көмектесу», – деді Медеу ауданы Прокуратурасының бөлім прокуроры Еркебұлан Тойшыбайұлы.

Оқи отырыңыз: ІІМ заңсыз қару-жарақты тәркілеу жұмыстарын жалғастырып жатыр

 

 

 

Новости партнеров