Қаңтар оқиғасында ұрланған қарулар әлі де табылып жатыр
ҚР ІІМ қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Соның ішінде заңсыз айналымдағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу шаралары тұрақты түрде жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жыл басынан бері заңсыз айналымнан әртүрлі үлгідегі 580 қару тәркіленді. Оның ішінде 63-і – қылмыстық қару, ал 49-ы қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару. Сонымен қатар 2 мыңнан астам оқ-дәрі алынған.
10 наурыздан бастап елімізде "Құқықтық тәртіп" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Оның аясында заңсыз айналымдағы қаруды анықтау және тәркілеу жұмыстары белсенді түрде жалғасуда.
Іс-шара басталғалы бері:
Олардың ішінде бір тапанша, екі ойық ұңғылы карабин, 3 тегіс ұңғылы аңшылық мылтық, сондай-ақ оқ өткізбейтін кеудешелер бар.
ЖПІШ барысында азаматтар 10 қаруды ерікті түрде тапсырды.
Сонымен қатар 5 мыңнан астам азаматтық қару иелері тексеріліп, олардың 70-тен астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ 6 наурыз күні Алматы облысында облыстық полиция департаменті мен ҰҚК департаменті қызметкерлері Қонаев қаласының шетінде жасырын қойманы анықтады. Онда Алматы қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған карабин тәркіленді.
11 наурызда Жамбыл облысының Байзақ ауданына қарасты Сарыкемер ауылының маңында, Талас өзенінің жағасынан криминалдық полиция қызметкерлері Тараз қаласында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған аңшылық мылтықтарды тауып, тәркіледі.
Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босататынын еске салады. Сондай-ақ азаматтық жауапкершілік танытып, негізсіз сақталған қару-жарақты тапсырып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосуға шақырады.
Оқи отырыңыз: Алматыда 12 жастағы науқасқа қуық қызметін бақылауға арналған нейростимулятор орнатылды